Отаным – отбасым
Дата: 29.09.2020 Рубрика: Патриот
0
800
0
Отбасы – құтты мекен, жылы ұя. Бала сол жылы ұядан бар мейірім мен шуақты, адалдық пен адамдық бойына сіңіріп өссе нағыз азамат болары сөзсіз. Ата-ана баласын ештеңеден кем қылмай, әр ісіне, әр сөзіне мән беріп, талаптілектерін мейлінше қанағаттандырып отырса бала да саналы болады. Мектепте тәрбие саласынан өзге үйде ата-анадан алған тәлім тәрбиесімен ұштасып жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп бойын түзеп, ойын түзеп өседі. Осы мақсатпен мектебімізде «Отбасым менің – шуағым» акциясы өткізілді. Іс-шараға барлық мектеп оқушылары қатысты. Елімізде болып жатқан шектеу шараларына байланысты балалар ата-аналарымен бірлесіп бос уақытында барлық отбасымен бірігіп қызықты сәттерінен фотосуреттер, видиолар түсіріп жинақтады. Біздің ата-аналарымыз бала тәрбиесіне бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Баласымен бірге жасаған әр іс-әрекеттері шынайы, мейірімге толы, бар ықыласы білініп тұрды. Бала отбасы мүшелерінің ортасында өзіне сенімді, барынша көңілді, шынайы бақытты. Бір сәт болса да сол бақытты сәтті сыйлап баланың тілегін қалдырмай іс-шараға қатысқан барлық атааналарға алғысымды б і л д і р е м і н . Б і р қ а р а ғ а н д а ү й д е отырған ата-аналарға бұл іс-шараның еш мәні жоқ шығар, ал бала үшін өзіне әр қ о л д ау к ө р с ет ке н с а й ы н о л б и і к к е өрлеп, өзіне деген сенімі артып нағыз т ұ л ғаға айна лары сөзсіз. Отбасыларыңызда тек қуанышты сәттер көп болсын!
Нұрсая ӘБДІХАЛЫҚ, А.Қоңқабаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Жанкелдин ауданы, Ақкөл ауылы
Нұрсая ӘБДІХАЛЫҚ, А.Қоңқабаев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Жанкелдин ауданы, Ақкөл ауылы
Комментарии