Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ғалым болсам деймін

Дата: 29.09.2020 Рубрика: Патриот
743
0
Ғалым болсам деймін
Адам жан дүниесінің қилы-қилы қыр сыры бар. Психология ғылымы – бірден-бір жетекші ғылым, оның қарастырар мәселелері қашан да маңызды. Мен өз елімнің жас патриоты ретінде болашақта ғалым болып, осы саланы зерттегім келеді. Солақайлық ауру да, кемістік те емес. Солақайлық мидың жарты шарларының негізгі қызметінің арасындағы бөлісу ерекшелігіне байланысты. Адамдардың солақай болуының себебі генетикалық кодтың өзгеруіне байла нысты екен. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі еркектер - қауымы көп жағдайда солақай болып өмірге келеді. Жалпы солақайлар екі типке бөлінеді. Біріншісіне өте дарынды, қай жағынан болса да икемді жандар жатқызылады. Ал екіншісіне бірінші типтегі адамдарға қарама-қайшы белгі көрсететін жалқау жандар жатады. Психологтардың айтуы бойынша солақай жандардың шығармашылық жұмысқа аса қабілетті болатындығын айтады. Бұл арада адам жан дүниесінің білгірімен келіспеске шара жоқ. Тарихқа аздап шегініс жасасақ, есімдері жалпақ әлемге танымал жандар бар. Әйгілі солақайлар Аристотель, Юлий Цезарь, Наполен, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Елизавета патшай ым, сондай-ақ Американың үш президенті, сондай-ақ сазгер-күйші Нұрғиса - Тілендиев те осы топтан көруге болады. Міне, әр саланың өз қызығы бар.

Назерке ӘЛІМЖАН, Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің 6 сынып оқушысы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!