Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қос тілде еркін сөйлейтін Фаризат

Дата: 18.11.2025 Рубрика: Патриот
40
0
Қос тілде еркін сөйлейтін Фаризат
Ұлты татар Гильманова Фаризат – көп жылдардан бері сауда саласында еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Ол қала тұрғындарына қызмет көрсетіп қана қоймай, қазақ және орыс тілдерінде еркін сөйлесуімен де жұртқа үлгі болып жүр.
Күні бойы дүкенге түрлі ұлт өкілдері келеді. Бірі қазақша сөйлесе, бірі орысша сұрайды. Ал Фаризат олардың әрқайсысына жылы жүзбен, түсінікті тілмен жауап береді. Бұл – оның еңбегінің ғана емес, мемлекеттік тілге деген құрметінің көрінісі.
«Қазақ тілі – біздің ортақ тіліміз. Мұнда туып-өскен соң, қазақша білмей жүру ұят деп ойлаймын. Бастапқыда аздап қиналдым, бірақ күн сайын сөйлесіп, үйреніп кеттім. Енді тіл менің жұмысымның, өмірімнің бөлінбес бөлігіне айналды», – дейді Фаризат.
Фаризаттың айтуынша, қазақ тілін меңгеру оған тұтынушылармен жақсы қарым-­қатынас орнатуға да көмектескен. «Кейде адамдар қазақша сөйлегенімді естіп, ерекше қуанады. «Өз тілімізде жауап бергеніңізге рақмет!» деп ризашылық білдіріп кетеді. Сондай сәттерде мен өз еңбегімнің бағаланғанын сеземін», – дейді ол.
Татар қызының бұл еңбегі мен тілге деген ықыласы – көпке үлгі. Ол өз тәжірибесі арқылы тіл үйренудің тек қажеттілік емес, адамдар арасындағы сенім мен сыйластықтың көпірі екенін дәлелдеп отыр.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!