Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мемлекеттік тілді меңгерген жас сарбаз

Дата: 18.11.2025 Рубрика: Патриот
36
0
Мемлекеттік тілді меңгерген жас сарбаз
Приречное ауылында туып-өскен Рыжик Никита – туған жерінің абыройын асқақтатып жүрген жас сарбаз. Ол әскери борышын шекара шебінде абыроймен атқарып қана қоймай, мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, өзгелерге үлгі болуда.
Никита колледжді тәмамдаған соң бірден әскер қатарына шақырылған. Алғашқы айларда әскери ортаға бейімделе жүріп, қазақ тілін үйренуге ерекше ынта танытқан.
«Мен колледждегі оқуды аяқтап, бірден әскерге аттандым. Әскерде қазақ тілін қысқа уақытта меңгеріп алдым. Ең бастысы – ниет пен қызығушылық болса, тіл үйрену қиын емес. Мемлекеттік тілді меңгеру мен үшін мәртебе әрі қызмет бабында да жеңілдік береді. Қазақ тілін білгенде жолың ашылады, адамдармен тез тіл табысасың», – дейді жас сарбаз.
Бүгінде Никита әскери бөлімде өз міндетін жауапкершілікпен орындап, тәртіп пен тиянақтылықтың үлгісін көрсетіп жүр. Ол болашақта өмірін әскери саламен байланыстырып, шекарашы-­офицер болуды мақсат етеді.
«Тіл – халықты біріктіретін құндылық. Қазақ тілін үйрену арқылы мен елдің мәдениеті мен дәстүрін тереңірек түсіндім. Бұл – менің Отанға деген құрметімнің бір көрінісі», – дейді ол.
Мемлекеттік тілді құрметтеп, оны үйренуге талпынып жүрген Никита секілді жастардың көп болуы – ел болашағының жарқын боларына сенім ұялатады.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!