Қазақ тілін Мәскеуде меңгерген офицер
Дата: 18.11.2025 Рубрика: Патриот
0
33
0

Азаматтық қорғау офицері, төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Максим Макеев – қазақ тілін шын ниетпен үйреніп, оны еркін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің бірі. Таң қаларлығы, ол мемлекеттік тілді Мәскеуде жүргенде жетік меңгеріп шыққан.
Максим Қостанай облысында туғанымен, кейін оқуын Ресейдің Мәскеу қаласында жалғастырған. Бұған дейін Көкшетау техникалық институтында білім алған ол сол жерден кейін Ресейдің Төтенше жағдайлар академиясына оқуға аттаныпты. Сол сапар оның өміріне жаңа бағыт бергендей болды.
«Мәскеуде бірге оқыған жолдастарымның көбі Қазақстаннан еді. Олардың бәрі қазақ тілінде сөйлейтін. Алғашында мен түсінбей қиналдым. Бірақ олар менімен тек қазақша сөйлесуді ұйғарды. Сол кезде өзімді ерекше сезіндім: «Мен неге түсінбеймін?» деген ой мазалады. Уақыт өте мен де тілге үйреніп кеттім», – дейді Максим күлімдеп.
Қазір ол қазақ тілінде еркін сөйлейді, ресми хаттарды да мемлекеттік тілде жүргізе алады. Тіпті, кей жиындарда әріптестерінің алдына шығып, қазақ тілінде баяндама жасайды.
«Қазақ тілі – мен үшін тек мемлекеттік тіл ғана емес, ол – мен өмір сүріп жатқан елдің рухы, мәдениеті. Тілді үйрену арқылы мен халықтың мінезін, дәстүрін, тарихын түсіне бастадым. Ең бастысы – тіл адамдарды жақындастырады. Қазақ тілін меңгеру маған үлкен мүмкіндік сыйлады», – дейді ол. Максим бүгінде жас мамандарға үлгі. Ол өз мысалымен мемлекеттік тілді үйренуге ешқашан кеш еместігін дәлелдеп отыр. «Бастысы – ниет пен тұрақтылық. Ал қалғаны өздігінен келеді», – дейді ол.

Комментарии