«Қыран елім – Қазақстан»
Дата: 04.11.2025 Рубрика: Патриот
0
50
0

Республика күні қарсаңында Рудный қаласында ерекше рухпен өткен «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық форум жастардың отаншылдық сезімін арттырып, белсенді өмір салтын насихаттауға арналды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, залдағы көпшіліктің бойын мақтаныш сезімі биледі. Форумның мақсаты – жастарды Отанды сүюге, білім мен еңбекке ұмтылуға, өз қаласының дамуына үлес қосуға шабыттандыру.
Рудный қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлшат Ермешекова қатысушыларды мерекемен құттықтап, белсенді жастарға ризашылығын білдірді:
«Республика күні қарсаңында біз дәстүрлі түрде патриоттар форумын өткізіп келеміз. Осы жолы да жастардың отаншылдық рухын көтеретін, жігерін жанитын «Қыран елім – Қазақстан» атты форумды өткізіп отырмыз. Бұл іс-шараның мән-маңызы жоғары. Яғни, жас ұрпақты, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеумен қатар, қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, өз еңбегімен үлгі болып жүрген талантты ұл-қыздарымызды дәріптеу. Сіздердің білімге, спортқа, өнерге, ғылымға деген құлшыныстарыңыз және қоғамдық істерге деген белсенділіктеріңіз біздің Рудный қаласын дамытудың негізгі қозғаушы күші деуге болады. Сіздердің қатысуларыңызбен іске асырылған әрбір жоба, атқарған әрбір ерікті істеріңіз, қол жеткізген әрбір жетістіктеріңіз – біздің ортақ мақтанышымыз», – деді ол.
Форум барысында қаланың ең белсенді, үздік жастары бес аталым бойынша марапатталды. «Жылдың жас көшбасшысы» – Қазыбек Нұрғожин, «Рудный құрамасы» КВН командасының капитаны. Ол қалалық және республикалық деңгейде жастар қозғалысын дамытуға зор үлес қосып жүр. «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» – Тамара Горшкова. Ол «Добрые сердца» еріктілер клубының жетекшісі. Студенттермен бірге түрлі игі істер атқарып, мейірімділік пен қамқорлыққа баулиды. «Білім мен ғылым саласындағы жетістіктері үшін» – Әлия Жүсенова. Ол дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, асық ату мен таяқ тарту сияқты ұлттық спорт түрлерін дамытуда еңбегі зор.
«Міржақып Дулатұлы атындағы мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімімін. Шәкірттерім де, өзім де түрлі спорттық жарыстарға қатысып келеміз. Кейінгі жарыстарға тоқталсам, шілде айында Солтүстік Қазақстан облысында бес асықтан чемпионат өткен болатын. Сол жарыстан екінші орынды иеленіп келдім. Қазір біраз мектептерде асық ату үйірмелері жұмыс істейді. Біздің мектепте те бұл ұлттық ойын түрі жақсы дамыған. Қала мектептерінің оқушылары арасында жыл сайын бірнеше сайыс өтіп тұрады», – дейді ұстаз.
«Спорттағы жетістіктері үшін» – Яна Шипкова. Ол 2006 жылы Римде өткен Әлемдік Арнайы Олимпиадада спорттық гимнастикадан үш алтын және бір күміс медаль иеленген. Яна – табандылық пен ерік-жігердің нағыз үлгісі. «Жыл волонтері» – Вероника Слива. Ол екі жылдан бері «Рудный Добряк» еріктілер штабының белсенді мүшесі.
«Қыран елім – Қазақстан» форумы ел жастарын Отанды сүюге, мейірімділік пен еңбексүйгіштікке баулитын тамаша дәстүрге айналды.
Рудный қаласы

Комментарии