Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі

Дата: 24.06.2025 Рубрика: Патриот
139
0
Ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі
Қостанай облысы Полиция департаментінде полиция қызметкерлерінің балалары арасында патриоттық тәрбиені нығайту мақсатында «Мен полиция боламын» және «Менің ата-анам – полицей» тақырыптарында балалар суреттерінің шығармашылық байқауы өтті. Іс-шараны Департамент «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды.
Байқауға әр жастағы балалар қатысып, өз туындылары арқылы ата-аналарының мамандығына деген шексіз құрметтері мен сүйіспеншіліктерін білдірді. Қатысушылардың салған суреттерінен балалық қиял, мақтаныш сезімі және болашаққа сенім анық байқалды. Әсіресе, полиция қызметкерлерінің күнделікті ерлікке толы еңбегі мен қоғамдағы жауапты рөлі бейнеленген шығармалар көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар іріктеліп, жеңімпаз атанған жас суретшілер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты шара барысында Қостанай облысының Полиция департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапабек Құлбеков қатысушыларды құттықтап, жас ұрпақтың бастамасына жылы лебізін білдірді:
«Бұл суреттер – балалардың ата-аналарына және олардың маңызды қызметіне деген шынайы әрі таза сезімдерінің көрінісі. Жас ұрпақтың полиция мамандығына бала кезден құрметпен қарайтынын мақтанышпен айтуға болады», – деді ол.
Байқауға қатысқан суреттердің ішінен 1-сынып оқушысы Нағашыбай Бөгенбайдың жұмысы көпшіліктің назарын ерекше аударды. Ол әкесін полиция формасында бейнелеп, өзінің де болашақта сол мамандық иесі болуға ұмтылатынын жеткізді:
«Мен әкемді полиция қызметкерінің формасында салдым, өйткені мен де ол сияқты батыл әрі әділ болғым келеді», – деді кішкентай қатысушы.
Іс-шара жас ұрпақты құқық қорғау саласына құрметпен қарауға, ата-ана еңбегін бағалауға баулып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісіне айналды. Ұйымдастырушылар бұл байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын атап өтті.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!