Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мектеп мақтанышы

Дата: 24.06.2025 Рубрика: Патриот
174
0
Мектеп мақтанышы
Спандияр Көбеев атындағы жалпы білім беретін мектепте Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған мектепшілік парад өз деңгейінде жоғары деңгейде өтті. Бұл шараға барлық сыныптар белсенді түрде қатысып, әскери дайындықтарын паш етті.
Осы ерекше күнде інімнің сыныбы – 5 «Б» сынып жасағы 2-орынды иеленіп, мектеп тарихында өз есімдерін жарқын әріптермен жазып қалдырды.
Жас командир Григорий Яловенко өз жасағына басшылық етуде ерекше белсенділік танытты. Маршировкаға дайындықтың бірде-біреуін қалдырмай, тәртіп пен үйлесімді қадамдарға аса мән берді. Сыныптастарының әр қимылын синхронды ету үшін оларға бұйрықты автоматты түрде орындауды үйретіп, бұл бағытта аянбай тер төкті. Тіпті өзі сүйіп жасайтын жүзу және мылтық ату жаттығуларынан да уақытша бас тартты – бәрі де сыныптың абыройы үшін.
Міне, көптен күткен парад басталды. Григорийдің жасағы – 5-8 сыныптар тізбегінде ең соңғы болып сапқа тұрды. Олар алдындағылар президент мырзаның бұйрықтарын орындағанша, қимылсыз тұрып, өз кезектерін асқан төзімділікпен күтті. Ақыры өз кезегі келгенде, Григорий жасағын сенімді түрде бастап, мектеп алдындағы алаңды кесіп өтті.
Барлық қойылған міндеттерді жоғары деңгейде орындап болған соң, саптан шықпай тұрып, сынып «Сарбаз» әнін ұрандай шырқады. Бұл сәт көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Парад соңында өткен марапаттау рәсімінде Григорийдің сыныбы жүлделі 2-орынды иеленсе, өзі “Саптық ән және шеру” байқауында “Үздік бөлімше командирі” номинациясымен марапатталды. Бұл сәтте олардың сынып жетекшісі А. Б. Нұржанова мен кураторы, 10-сынып оқушысы Алима Абеуирова шәкірттерінің жетістігіне шексіз қуанып, көңілдері көкке жеткендей болды.
Ал мектептегі белсенді ұстаздардың бірі Айнагүл Болатқызы дайындығы кезінде оқушыларын ынталандыру үшін: “Егер орын алсақ, барлығыңа пицца алып берем!” деп уәде еткен болатын. Сөзінде тұрды – жарыс біткен соң, жеңісті атап өту үшін барлығын дәмді пиццаға қонақ етті.
Қазір інім мен оның сыныптастары өз жеңістеріне шаттанып, әлі күнге дейін сол сәттің әсерімен жүр.
Аида ЯЛОВЕНКО
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!