Табиғаттың сақшысы
Дата: 05.11.2024 Рубрика: Патриот
0
124
0
Өлкемізде осынау қиындығы мен жауапкершілігі қатар жүретін мамандықты адал атқарып жүрген, бүгінде еңбегі еленіп, халқы құрмет тұтқан жандар жетерлік.
Солардың бірі қыдыр қонып, құт дарыған, шежірелі өлке - Науырзым жерінде туып өсіп, бүгінде тамырын тереңге жіберген алып бәйтеректей, мәуелі баққа айналып отырған Кәрімовтер әулетін үлкен мақтанышпен айтуға болады. Бұл әулетте атадан балаға мұра болып келе жатқан орман қорғау мамандығы ұрпақтар сабақтастығы, себебі әулеттің жалпы еңбек өтілдері сонау 1986 жылдан басталып бүгінге дейін үздіксіз 67 жылға жалғасын тапқан ерен еңбек, өмірлік тәжірибе, әкеден балаға рухани азық, мұра ретінде қалдырылып келеді.

Кәрімовтер Науырзым ауданының Саршығанақ елді мекенінде дүниеге келіп, бүгінге дейін туған жерден алшақтамай, орман қорғау ісінде үздіктердің үздігі болып, қасиетті Науырзым жеріне еңбектерін сіңіріп келеді.
Ағайындылардың үлкені Кәрімов Наурызхан Сәкенұлы еңбек жолын Науырзым ауданының Саршығанақ елді мекенінде орманшылық қызметінен бастап, осы жерде шаңырақ көтеріп асқар тау әке атанып, бүгінде алтын асықтай екі ұлы мен бір қызын тәрбиелеп, өсіріп өз алдына жеке қанаттандырып отырған жайы бар.
Кәрімов Батырхан Сәкенұлы Қарамайшы елді мекенінде 23 жыл орман қорғау ісінде қажырлы еңбек етіп келеді. Мемлекеттік инспектор, табиғатты қорғау үлкен жауапкершілікпен қатар сақтықты, батырлықты талап ететін тілге тиек етеді. Әсіресе, жаз кездерінде тілсіз жау өрттің, майлы қарағай ағашын жиі маңайлайтынын, сондықтан көктен түскен найзағай ұшқынын бірінші болып байқап, өрттің алдын алу осы өздеріндей табиғат сақшыларының қырағылығын талап етеді деп есептейді. Батырхан ағамыз, айрандай ұйып отырған берекелі отбасының тірегі, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып отырған аяулы жар, ардақты әке.
«Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей Кәрімов Наурызхан ағамыздың ұлдарының кенжесі Қанатханы әке жолын қуып бүгінде, мемлекеттік инспектор қызметін абыроймен атқаруда.
Комментарии