Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Таза Қазақстан» бастамасы туралы не білеміз?

Дата: 05.11.2024 Рубрика: Патриот
34
0
«Таза Қазақстан» бастамасы туралы не білеміз?
«Таза Қазақстан» бастамасы туралы не білеміз?
Биыл елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өтуде. Экологиялық науқанға тұрғындар жаппай қатысып, туған жерін, тұрған аумағын таза ұстауға үлес қосуда. Әр өңірдегі қолға алынған акция 5 аптаға жоспарланды. Мен интернет желісінен толық ақпарат алып, сіздерге де ұсынып отырмын. Мүмкін керегі болар. Бұл бастама жыл бойы жалғасын тауып, түрлі іс-шаралар өткізіледі. Негізгі мақсаты айналаны таза ұстау ғана емес, туған жерді көркейту. Тәрбие беру. Менің ойымша өте жақсы бастама баршаға үлгі болары сөзсіз. 
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы 8 сәуір күні басталды. 5 аптаны айырықша атауларға бөліп, қоршаған ортаға қажетті жұмыстарды нақтылап та берді. Алғашқы аптаға – «Таза өлке» деген атау берілген. Бұл апта жалпы республикалық сенбілікпен байланысты. Әр өңірдегі мекемелер, әлеуметтік нысандар мен тұрғындар өздері тұрған аумақты қоқыстан тазартты.
Екінші апта – «Киелі мекен» деген атаумен айшықталды. Қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген қанатты сөз бар. Еліміз батырларға, ел басқарған ұлы тұлғаларға, Ұлт ұстаздарының рухына құрмет көрсетуді ұмытқан емес. Тарихы терең елде тарихи-мәдени ескерткіштер жетерлік. Бүгінде тарихи бейнесімен қатар туристік сипат алып келе жатқан орындарды таза ұстау бүгінгі ұрпақтың борышы. Ежелгі нысандардың тазалығы ұлттың рухани байлығын көрсетеді.
Одан кейінгі апта «Жасыл аймақ» деп аталады. Бұл аптада белсенділер мен тұрғындар көшет отырғызады. Жасыл желектерді баптап, зиянкестерге қарсы әктеу, дәрілеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Республикалық бастама аясында әр өңір жекелей науқандар ұйымдастыруда. 
«Өнегелі ұрпақ» атты апта да бар. Еріктілер мен белсенді тұрғындар қарттарға қамқорлық көрсетеді. Әр өңірдегі қарттар үйінің ауласын тазалап, қоршауын бояп, ақсақалдар мен ақжаулықты аналарға көмек көрсетеді. Мұндағы мақсат – «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қанатты сөзді арқау етіп, жастардың үлкендерге 
деген құрметін арттыру, қарттарға деген ізгілікті дәріптеу.
Қорытынды апта – «Мөлдір бұлақ». Акцияның аты айтып отырғандай, бұлақтардың көзі ашылып, өзен мен арық арнасы қоқыстан тазартылады. Тіршлік нәрін құрметтеу, оны таза ұстау тұрғындардың өздері үшін де ауадай қажет. Су қаталаған кезде шөліңді ғана қандырып қоймай, ауаны тазартатын, аптап ыстықта айналасына ылғалдылық сыйлайтын ерекше қасиетке ие. Одан бөлек жауынды күндері елдімекендер мен жолдарды су басудан сақтайтын да осы өзен мен арық.
Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде тапсырма берген болатын. Бұл тазалықты насихаттап қана қоймай, ел-жұрттың басын біріктіретін рухани маңызы бар.
Ұрпақты тәрбиелеу үшін мұндай бастамалардың маңызы өте жоғары. Биылдың өзінде Қостанай өлкесінде қаншама қоқыс тазартылып, ағаш егілді. Елді-мекендер абаттандырылды. Айналаны таза ұстап, қоршаған ортаға құрметпен қарасақ, тазалық болары сөзсіз. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» деген сөзді де құптаймын.  
Арлан Асқар,оқушы
Суреттерді түсірген Ш.Сабыров

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!