Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Мемлекеттік тілге 7 қадам»

Дата: 03.08.2024 Рубрика: Патриот
66
0
«Мемлекеттік тілге 7 қадам»
Облыстың барлық аудан және қалаларынан келген 90 жуық бала Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығына жиналды. Мұнда “Мемлекеттік тілге 7 қадам” облыстық форумы өтіп жатыр. Бұл жоба былтыр алғаш рет Қостанай қаласында өткен болатын. 
Аудан басшысы Мәди Ихтиляпов ауданға келген жастарды құттықтады. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұрамыз. Бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп отырған тіл саясаты – толерантты тілдік орта қалыптастыруда аса маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі. Жалпы еліміздегі этнос өкілдері арасында қазақ тілін меңгергендер қатары жыл санап көбейіп келе жатқаны қуантады. Тәуелсіздік алған уақыттан мемлекеттің саясатымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге этностардың тілдерін сақтап қалуға, оқып-үйренуге қолдаулар көрсетіліп келеді.
Тіл мәселесіне қамқорлық көрсету әр азаматтың міндеті.Кез келген мемлекеттің өзегі – оның бірегей мемлекеттік тілі. Бүгін мен қазақ тілін меңгеріп, оқып жүргендерге шынайы алғысымды білдіргім келеді деді.
Форум 3 секцияға бөлініп, жастармен қызықты жұмыстар жасады.
– Биыл жобаға жиырмаға жуық ұлт өкілдері қатысып жатыр. Олар табиғат аясында өзара пікір алмасып, жеті бағыт бойынша білімдерін жетілдіретін болады. Бұл жиын этнос өкілдері арасында қазақ тілін білуді насихаттап, халқымыздың бірлігін нығайтуға шақырады, – дейді іс-шараның басы-қасында жүрген Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық филиалының қызметкері Айбек Таңатбаев.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!