Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Таза Қазақстан» игі бастама

Дата: 23.07.2024 Рубрика: Патриот
64
0
«Таза Қазақстан» игі бастама
Биылғы жылы елімізде 8 сәуірден бастап, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.  Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.
Екінші апта «Киелі мекен» аты берілді. Бұл күндері тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылып, бұл апталықта ағаш көшеттері отырғызылды және ағаштар әктелді.
«Өнегелі ұрпақ» деп аталған апталықта ардагерлер мен қарттардың аулалары тазаланып, оларды абаттандыруға көмек берілді. «Мөлдір бұлақ» аты берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Осының бәрі де өзіміз үшін қажет. Табиғатты, қоршаған ортаны таза әрі ұқыпты ұстауға әр адам үлес қоса алады. Тіптен оқушылар да бар көмегін бере алады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: 
– Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет. Лас елге қонақ ретінде, инвестор ретінде ешкім келмейді. Бірақ, ең алдымен, Қазақстанның таза, көрікті болғаны біз үшін, яғни халық үшін керек. Бұл күнделікті өмір салтына айналуы қажет, – деген еді. 
Балалар, біз де бұл бастамаға үлес қосып, үлгілі болайық. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!