Акцияғы үлестерін қосты
Дата: 16.07.2024 Рубрика: Патриот
0
222
0
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жер-жерде жүзеге асуда. Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің студенттері де бұл бастамаға атсалысты.
Олар Қостанай ауданы Тобыл қаласының аумағын қоқыстан тазартып, «Таза болашақ» экологиялық квестіне ондаған еріктілер қатысты. Экоквестке барлығы 50-ден астам адам үлес қосты. Акция барысында пластик, шыны және қалайы бұйымдарын бөлек-бөлек жинап, тапсырды. Квест соңында студенттер ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Белсенділер барлық қала, ауыл тұрғындарын да «Таза Қазақстан» акциясына қатысуға шақырады.
Комментарии