Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Біртуар тұлға

Дата: 25.06.2024 Рубрика: Патриот
52
0
 Біртуар тұлға
9 мамыр Жеңіс күні. Осы айтулы күнге орай Амангелді аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Кеңес Одағының батыры, біртуар тұлға» атты ерлік сағаты өтті.
Шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқырмандарды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру, Отанын сүюге, оны қорғауға баулуды мақсат тұтқан. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
Тарихта ұмытылмас батыр бабаларымыздың қан майданда жанқиярлық ерлік көрсетіп, Жеңіс жалауын желбіреткен күн! Ұлы Отан соғысында майдан даласында қыршын кеткен боздақтар мен соғыс ардагерлеріне тағзым ететін тарихи күн екендігін еске алу.
Іс-шара барысында тұғырлы тұлғаның жауынгерлік жолын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы, армия генералы, еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов туралы тың деректер таныстырылды.
Ерлік сағатына Амангелді орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Искаков Ерсайынның жетекшілігімен жас сарбаздар қатысты Амангелді орта мектебінің оқушысы, кітапханамыздың тұрақты оқырманы, аудандық, облыстық, Республикалық бірнеше байқаудың жеңімпазы Серікқызы Айғаным қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова туралы жазған туындысын оқыды.
Соңында Амангелді және Жангелді аудандарының бірлестірілген бөлім бастығы лейтенант, подпалковник Әлімқұлов Саят сөз сөйлеп, мәдениет үйінің әншілері ән шашуларын арнады. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!