Білім жарысы
Дата: 07.05.2024 Рубрика: Патриот
0
186
0
Варна қаласында (Болгария) математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) басталды. Олимпиадаға 22 елден 130-дан астам оқушы қатысуда. Қазақстан құрамасының намысын 6 оқушы қорғауда. Олардың ішінде қостанайлық оқушылар да бар. Ол – Жан Даутов – Қостанай қаласы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы.
Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - ағымдағы жылдың 11-24 шілде айында Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау. Білім жарысында жастарға сәттілік тілейміз.
Комментарии