Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ойынмен ойлау қабілетті дамыту

Дата: 30.01.2024 Рубрика: Патриот
146
0
Ойынмен ойлау қабілетті дамыту
Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын – оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарастырған орынды. Ойын барысында оқушыларды ашық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп, қабылдай білуге, байланыстырып сөйлуге дағдыландырады. Ойын сырттан қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде, оқушы үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Сонымен қатар ойын – тынысы кең, ойдан – ойға жетелейтін, қиялмен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Оқушылардың ой белсендігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – ұстаздың міндеті. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту арқылы оқушыларды жетістіктерге жеткізуге болады. Ойын таным процесін дамытудың негізгі болғандықтан, әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әркеттерінде үнемі ойын элементтерін қолданып отырған дұрыс.
Арайгүл Досанова,
Чапаев негізгі орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!