Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Өнер байқауында топ жарды

Дата: 06.02.2024 Рубрика: Патриот
49
0
Өнер байқауында топ жарды
            Елордада дарынды балалар мен жастарға арналған «ASTANA STARS» байқауы өтті. Бұл сынға Жанкелдин ауданынан қатысқан «Danas»  шығармашылық  орталығының өнерпаздары олжалы оралды.
            14 жасқа дейінгі балалар арасында Айназ Қарағұл  Қ.Ахмедияровтың «Той күйі» күйін нақышына келтіре орындап, қазылардың көңілінен  шықты. Нәтижесінде қос бірдей Бас жүлдені  жеңіп алды. 12 жасқа дейінгі дарындар арасында  Жанбота Орманбек А.Жайымовтың «Шаттанамын» күйін тартып, топ арасынан үздік деп танылып, жүлделі I орынды иеленді.
            Екі оқушыны байқауға дайындап, топқа қосқан ұлт аспаптар бөлімінің жетекшісі Елдос Қасым мен жетіген бөлімінің жетекшісі Перизат Қалабайқызының еңбегін ерекше айта кету керек. Бұл байқауға Қазақстанның әр өңірінен алпыстан астам өнерпаз қатысқан.  Дарынды жастар би, вокал, аспаптық өнер аталымдары бойынша сынға түсті.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ,
Жанкелдин аудан
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!