«Тәуелсіздік бабалар арманы»
Дата: 19.12.2023 Рубрика: Патриот
0
143
0
Тәуелсіздік күніне орай Амангелді аудандық орталық кітапхананың оқу залында, Амангелді ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен «Тәуелсіздік бабалар арманы» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Желтоқсан оқиғасының арқасында, тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқырмандарға жете ұғындыру. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Сонымен қатар іс-шара соңында суретті көрмеміз таныстырылды.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 32 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрек жарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Комментарии