Атаулы күннің тарихы
Дата: 09.01.2024 Рубрика: Патриот
0
131
0
№28 мектебінің кадет сыныбының оқушыларына арнап «Строительный» кітапхана-филиалы тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, жүргізуші атаулы күннің тарихы туралы түсіндіріп өтті. Балалар ребусты шешіп, «Менің Отаным» викторинасының сұрақтарына жауап берді. «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты шағын кітап көрмесінде іс-шара тақырыбы бойынша материалдар ұсынылды. Оқушылар кітаптарды қарап, сұрақтар қойды. Автор М.Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақалалар жинағын оқуға ниет білдірді.
Жүргізуші еліміздің болашақ қорғаушыларына батыл да, ержүрек адам болуды, өз Отанының патриоты болып өсулеріне тілек білдірді.
С. Омарова,
«Строительный» кітапхана-филиалының кітапханашысы.

Комментарии