Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейхан»

Дата: 19.12.2023 Рубрика: Патриот
76
0
«Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейхан»
Арқалық қаласындағы Ә.Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейхан» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – көрнекті қазақ қоғам қайраткері, этнограф, публицист және «Алаш» партиясының жетекшісі, қазақ халқының азаттық жолындағы күресте алдаспаны болған аяулы тұлға.
Өткен жылы Алаш көсемінің есімі Родина ауылындағы жалпы білім беретін мектепке берілген болатын. Енді, міне, осы мектепте Әлихан Бөкейхан мұражайы ашылып отыр. Мұражайдың кермесін қию құрметі қала әкімі Әмірхан Біркенұлы мен қаламыздың құрметті азаматы Шөптібай Байділдин ағамызға берілді.
Тағылымды іс-шара одан әрі қалалық Білім бөлімінің басшысы Есламбек Жеңісұлы төрағалық жасаған «Ұлт көсемі – Әлихан Бөкейхан» атты қалалық конференцияға ұласты. Онда Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдин, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының доценті, магистр Ардақ Абдуллина, Ә.Бөкейхан атындағы мектептің мұғалімі Қарлығаш Жармағанбетовалар тақырыптық баяндамалар жасады. Пленарлық отырыс соңы «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!