Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

С праздником!

Дата: 20.12.2023 Рубрика: Патриот
527
0
С праздником!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Бүгінгі елдің жастары білімді, жан-жақты болуы тиісті. Сіздерге жарқын болашақ тілейміз.
Тәуелсіз елім
Жақсы көрем тәуелсіздік күнін мен,
Қазақ елім, жаса мәңгі өміршең.
Қайрат, Ләззәт боздақтарға зор алғыс,
Мақтанамын ұлан байтақ жеріммен
  Дәл осылай жүре берсін әрқашан,
Жарқыраған күнімізбен, бар ғалам.
Дүниеге өмір берген, жан берген,
Уа, тәңірім, алғыс айтам мен саған.
 Тәуелсіздік маңдайдағы бағым бұл,
Тәуелсіздік таймайтұғын тағым бұл.
Құтты болсын азаттықтың әр күні!
Тәуелсіздік көк байрағым, арым бұл.
 Тәуелсіз еліміз бар, біз бақытты,
Тілеймін бұл өмірге шын шаттықты.
Болашаққа сенім артқан жастармыз,
Бола берсін даламыз мол астықты!
Айым Әбдіғалиева,
Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының оқушысы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!