Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Аңызға айналған Ақан»

Дата: 06.06.2023 Рубрика: Патриот
199
0
«Аңызға айналған Ақан»
Амангелді аудандық орталық кітапханасының оқу залында «Аңызға айналған Ақан» атты жазу шы Ақан Нұрмановтың туғанына 90 жыл толуына - орай «Құланның ажалы» шығармасына оқырмандар конференциясы өтті. Осы конференция барысын да оқырмандарымыз шығармаға талдау жасады. - Іс-шарада «Құланның ажалы» шығармасын оқыған оқырмандарымыз Фазыл Айза мен Дина Қанатқызы өз түсінгенін айтып ортаға салды. «Құланның ажалына» арқау болған сюжетті оқырманның есіне бір салып өтейікші. Құланның прототипі атақты Кейкі батыр екенін айттық. Ол Амангелдінің сардары болған. Амангелді өлгеннен кейін оған түрлі жала жабылады. Өзі болып жатқан әділетсіздіктерге шыдамайды. Тіпті Амангелдінің өліміне тікелей кінәлі адамның біреуі осы ҚұланКейкі деген де әңгіме шығады. Кең далада еркін өскен, аңшылықпен айналысқан батыр адам шолақ белсенділердің ұсақ-түйек мінездеріне шыдамай, ақыры қуғынға түседі. Сөйтіп өмірінің соңына дейін түз тағысы құсап ен далада жалғыз жортады. Елдің ара сында аңыз болған, Кеңес өкіметінен қорыққандықтан - айтылмай кеткен тағдыр роман болып қағаз бетіне түскенде: «Мынау баяғы Кейкі батыр ғой» деген әңгімелер жүргенін де білеміз. Бұл кітап туралы осындай әңгіме көп болғанымен, әдеби талқылау аз болды дейді. Себебі қаламдастары авторға зиянымыз тиіп кетпесе екен деп, көп әңгіме айтпауға тырысқан көрінеді. – «Құланның ажалы» романы 1968 жылы басы лып шықты, – деген Нұржан Қуантайұлы әңгіме - ауанын бірден зерттеушілік бағытқа бұрды. – Меніңше 1966-1967 жылдары жазылды. Ол кезде Ақан Нұрманов 32 жастағы жігіт еді. Сол тұстағы толқын өкілдерінің өмірімен, шығармашылығымен салыстырып қарайтын болсақ, дәл сол алпы сыншы жылдары «Құланның ажалы» сияқты - тағдырлы роман жазған жазушылар біреу-екеу ғана екен. Сондықтан бұл романды сол кездегі қазақ әдебиетіне олжа салған көркем шығарма деп баға беремін. Сюжетінің қиюы келген, келіскен шығарма. Кейбір ағаларымыз кино түсіруге арналған шығарма деп те бағалады. Ең бірінші, бұл Ақанның қаламгер ретіндегі шеберлігінің көрінісі. Сол заманда сюжетті қиыстыра әкеліп, үлкен композициялық тұтастықпен ұсына қою – 32 жастағы қаламгер үшін үлкен еңбек. Мұндай шеберлікке жету – 60 жылдардағы әдебиет үшін үлкен жаңалық.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!