Тарихи орындар сыр шертсе
Дата: 06.06.2023 Рубрика: Патриот
0
191
0
Қостанай өңірі тамаша табиғатымен ғана емес, көне замандардан сыр шертетін оба-қорымдар мен сәулет-мәдениет ескерткіштерінің көптігімен танымал. Ресми мәліметке сенсек, өңірде 726 тарихи ескерткіш бар екен. Тарихи-мәдени мұраларға жататын нысандардың саны 500-ден асады. Сондай ескерткіштердің бірі – Екі Дің кесенелері. Түп тарихы шамамен ерте темір ғасырынан басталатын бұл кесенелер бүгінде туристер көп келетін нысандардың бірі болып отыр. Бір-бірінен біршама алыс қашықтықта орналасқан екі төбенің үстінде орналасқан қос кесене Арқалық қаласының Сарыторғай ауылына жақын жерде жатыр. Жалпақ тастардан өрілген сфералық формадағы көне ескерткіштер. Кейбір ғалымдардың ойлауынша, бастапқыда олар сакралды, салттық міндетке ие болған. Тағы бір деректерде Оғыз, қыпшақ, қарлұқ қағанаттары кезінде кеңінен таралған мұндай құрылыстарды жау жолын қарап отыратын қарауыл ретінде пайдаланғаны айтылады. Кейін бұл деректердің растығын белгілі ғалым Әлкей Марғұлан дәлелдеп берді. Академик ағамыз 1959 жылы екі ескерткішке қатысты археололиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қос кесеннің ерте темір дәуіріне жататынын дәлелдеді. Оның жазуынша, Қазақстан аумағында сирек кездесетін «айтас» немесе «дің» деп аталатын киіз үй тәріздес бұл құрылыстар ерте кезде қасиетті салттарды орындауға арналған жер болуы мүмкін.
Қазақстан территориясында сирек кездесетін құрылыстар қазақтың көне «шошалы» формасы бойынша салынған және олардың салттық мәні болуы әбден мүмкін» деп жазылған Әлкей Марғұланның 1959 жылғы «Қазақ архитектурасы» кітабында. Жергілікті аңыздар бойынша ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда діндер орналасқан төбешіктердің арасында қантөгіс шайқастар өткен. Дәл осы жерде жауласушы рулар қолбасшыларының ордалары орналасқан-мыс. ішінара қайта қалпына келтірген. Ескерткіш 1982 жылдан бері мемлекет қорғауында.

Комментарии