Қыр қызғалдағы жайқалғанда
Дата: 23.05.2023 Рубрика: Патриот
0
185
0
Торғай даласы құлпырып, қызғалдақтар жайқалып тұр. Көздің жауын алардай әсем. Иісі қандай, шіркін. Бірақ биылғы жылы қыр қызғалдағы тым ұсақ. Ғалымдар қызғалдақ қазақ жерінен тараған деседі. Қазақ жерінің далалық аймақтарында көп кездесетін өсімдіктердің бірі қызғалдақ гүлінің 32 түрінің 12-сі Қазақстанның эндемигі болып саналады. Оның сирек кездесетін 18 түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енгізілген. Ал соның 4 түрі Науырзым қорығында кездеседі. Атап айтсақ, қосгүлді қызғалдақ, жатаған қызғалдағы, шренк қызғалдағы, биберштейн қызғалдағы. Қазақ жерінде осынау әсем гүлдің сонша көп түрі кездескеннен кейін Қазақстан – қызғалдақтар отаны болып саналады. - Бұл гүлдер сәуір-мамыр айларында гүлдегендіктен көзтартар әсемдігін тамашалауға қызыққан адамдар келуге асығады. Аталған сирек кездесетін қызғалдақтар түрі қорық аумағында өскендіктен жұлып алып кетуге тиым салынған. Қызыл кітапқа енгізілген қызғалдақтарды заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігіне сәйкес мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Осыған байланысты, келушілер тек суретке түсіруге рұқсат етіледі. Еліміздің кілемдей жайқалып өсетін қызғалдақтарын аялай отырып, біз оны болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек, – дейді Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы Келу орталығының меңгерушісі А.Д.Молдахметов. Туған жердің әсемдігі көз тартады. Оның тарихы, өсімдіктері де өте бағалы.
Айсана Бақытқали, оқушы
Айсана Бақытқали, оқушы
Комментарии