Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Елордадан жеңіспен оралды

Дата: 23.05.2023 Рубрика: Патриот
104
0
Елордадан жеңіспен оралды
Қостанайдағы №1 музыкалық мектептің қазақ халық аспап тар анс амблі Астана да өткен - халық аралық «Жас талант» байқауының Супер бас жүлде иегері атанып келді. «Қазақ академия» өнер орталығы еларалық конкур сты тұңғыш рет ұйымдастырып - отырғанын атап өту керек. Гүлхауан Әмірова жетекшілік ететін шәкірттер арасында аспапта жеке орындау бойынша да лауреат атанғандар бар. «Ансамбльде білім беру музыкалық мектепте бірнеше жылдан бері пән ретінде оқытылып келе жатыр. Ұжымға түрлі аспаптарда ойнайтын музыкалық қабілеті шыңдалған ең үздік оқушылар таңдалып алынған. Ансабль жасақтау әр баланың одан әрі дамуына зор септігін тигізеді. Негізгі құрамымыз домбырашылар мен қобызшылар. Одан бөлек, саз сырнай, шертер, дарбука, шаңқобыз, - гобой, даңғыра, флейта, жетіген, баян аспаптарында өнерпаздарымыз бар. Есімі елімізге белгілі өнер тарлан дары Әбілғазы Ахмадиев, Өмірқұл - Айниязов бастаған қазылар алқасы ұл-қыздарымыздың шеберлігіне сүйсініп, жоғары бағасын берді. Өзіміз жеңімпаз атансақ та, көп дүниеден тәжірибе жинақтап келіп отырмыз», – деді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Гүлхауан Әмірова. Бейбітшілік және келісім сарайында өткен өнер додасына жан-жақтан 21 ұжым қатысыпты. Біздің шәкірттер Ш.Қорғанбектің «Төрткүл түмені» шығармасын жоғары деңгейде орын дап, топ жарып отыр. - 2006 жылы алғаш құрылған өнер ұжымы республикалық, халықаралық түрлі конкурстарда бақ сынап, жоғары орындардан көрініп келеді. Мәселен, 2019 жылы Алматыда мектептер арасында өткен «Жас музыкант» байқауына қатысып, облысымыздың намысын қорғап, бірінші орын иеленіпті. Ал жеке аспапта орындауда Дархан Қанапин 41 қатысушының арасынан Супер бас жүлде иегері атанып келді. Ол домбырада Сүгірдің «Қаратау шертпесі» күйін орындап, талайдың таңдайын қақтырған екен. Ал, тағы бір қызымыз – Айым Молдағалиева қобызда шығарма орындап, екінші орыннан көрінді.

Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ, С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы.
Суретті түсірген Бибіт НҰРМҰХАНОВ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!