Кітапхана зейінімді ашады
Дата: 23.05.2023 Рубрика: Патриот
0
171
0
Мен қазақ мектебінде 5-ші сыныпта оқимын. Үздік оқушылар қатарынанмын. Жасым 11-де, бос уақытымда үйге берілген тапсырмаларды орындап, арасында балалар алаңқайында ойнап, анашыма көмектесемін. Балалар кітапханасына жиі барамын. Кітапханашы апай Татьяна Сизоненко жақсы ілтипатпен қарсы алады. Ондағы аудитория кішігірім ертегі әлеміне ұқсайды. Сонымен қатар мұндағы газет журналдарды жиі оқып тұрамын. Өйткені керекті тақырыптарды алып сабағыма әжептәуір көмек болады. Әсіресе балаларға арналған газеттер ұнайды. «Жасыл алма» газеті өте қызықты. Одан қалды түрлі журналдар түрлі мақалаларға толы. Жақсы ақпараттармен сауатымды ашамын. Осы ақпараттардың арқасында сабағыма қосымша мәліметтерді алып тұрамын. Мен кішкентай болсам да уақытымды бос жібермеймін, мектептегі байқауларға қатысып, домбыра сыныбында оқимын. Өзім қатарлы достарымды кітапханаға жие келуге шақырамын.
Ару МЕКЕБАЙ, 5 «ә» сынып оқушысы. Құсмұрын ауылы, Әуликөл ауданы
Ару МЕКЕБАЙ, 5 «ә» сынып оқушысы. Құсмұрын ауылы, Әуликөл ауданы
Комментарии