«Ана деп ән салам»
Дата: 14.03.2023 Рубрика: Патриот
0
278
0
Өлеңді ауылдық кітапханасы Мәдениет үйі қызметкерлерімен бірлесіп, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай ауыл тұрғындарына «Ана деп ән салам!» мерекелік кеш ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты анаға деген, жалпы әйел адамзатына деген құрметті, сыйластықты арттыру. Атаулы шараға ауылдық кітапхананың тұрақты оқырмандарының көпшілігін құрайтын мектеп оқушылары өнер көрсетті. Анаға деген жылы сезімдерін білдіріп, мерекелік кештен соң қазақ тарихында орны бөлек нәзік жандар жайында ақпарат беріліп, олардың ерліктері еске алынды. Шара соңында оқырмандар Әмина Өмірзақова, Сәбира Майқанова, Ғазиза Жұбанова, Мәншүк Мәметова, Роза Бағланова және өзіміздің жерлесіміз Әсия Беркенова апаларымыздың жасап кеткен еңбектері жайлы шағын ақпараттар келтірді.
Науырзым ауданы
Науырзым ауданы
Комментарии