Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Баспасөз – бағдаршам

Дата: 14.03.2023 Рубрика: Патриот
158
0
Баспасөз – бағдаршам
Газеттер мен журналдар оқырмандарға айналада болып жатқан барлық оқиғалар туралы жедел ақпарат береді, ең қызықты жаңалықтарды, фактілерді, мәліметтерді жариялайды, бізді қызықтыратын сұрақтарға жауап береді. Балаларды мерзімді басылымдарды оқуға тарту мақсатында Әулиекөл балалар кітапханасы Ш.Уәлиханов атындағы 4-сынып оқушыларына арналған «Пошталық дилижанс: барлық қызығушылықтарға арналған балалар баспасөзі» ақпарат күнін өткізді. Ақпараттық күн барысында балалар «баспасөз», «мерзімді басылым», «газет», «журнал», «айдар «, «мақала»сияқты ұғымдармен танысты. Кітапхана қызметкерлері «Балдырған», «Бала би», «Жыл он екі ай», «Балалар әлемі», «Веселый зоопарк», «3/9 царство» журналдарына, «Ұлан», «Дружные ребята», «Зеленое яблоко» газеттеріне және өзге де мерзімді басылымдарға шолу жасады. Пошталық дилижанс қатысушылары өздеріне ұсынылған журналдарда жарияланған жұмбақтар мен сөзжұмбақтарды шешуге ат салысты. Іс-шара соңында балалар өздеріне ұнайтын журналдар мен газеттерді тамашалап, оқыды.

Ж.НҰРЖАНОВА,  
Әулиекөл балалар кітапханасының меңерушісі 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!