Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мың бұралды бөбектер

Дата: 14.03.2023 Рубрика: Патриот
122
0
Мың бұралды бөбектер
Қостанай аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен жылдағы дәстүр бойынша балабақшалар арасында V аудандық «Түйме қыз» байқауы өтті. «Түйме қыз» байқауына биыл алты балғын қатысты. Бүлдіршіңдер төрт кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін ортаға салды. Көрермен назарын аударып ерекше әсер қалдырғаны ұлттық киімдер көрсетілімі болды. Сондай-ақ қатысушылар таланттарын танытып қана қоймай, сахнада өздерін еркін ұстаулары қажет болды. Мәселен, Рамина Базылбек небәрі бес жаста болса да жарыста өзінің қарым-қабілетін жан жақты көрсетіп бақты. Алғаш рет сахнаға шықса да қазылар алқасын тәнті етті. Барлық қатысушылар да шеттерінен әдемі, талантты қылықты, сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген. Сайысты ұйымдастырудағы басты мақсатымыз ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қыздарымыздың бойына сіңіру және балғындардың жұлдызын жағып, үлкен сахнаға шығуларына жол ашу. Бір айта кетеріміз бұл байқау жыл сайын 8 наурыз халқаралық әйелдер күніне арнайы өткізіледі. «Түйме қыз – 2023» сайысының нәтижесі бойынша Бас жүлдені «Гүлдер» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Рамина Базылбек жеңіп алды. Сондай-ақ Наушабаев мектеп-гимназиясынан келген Азиза Бейсен «Әнші қыз», «Сәулетай» бөбекжайынан Саида Жолмұхамедова «Биші қыз», Заречный жалпы білім беретін мектебінен Аруназ Өмірова «Аспаз қыз», «Алтын бесік» бөбекжайынан Аянат Марат «Сымбатты қыз», Наушабаев мектеп-гимназиясынан Іңкәр Маралқызы «Көрермен көзайымы» номинацияларын өзара бөлісті.

Әсемгүл ФАЙЗОЛЛА, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!