Айбыны асқақ
Дата: 14.03.2023 Рубрика: Патриот
0
233
0
Түп-түзу сап, темірдей тәртіп, біркелі форма. Бұл – Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының кадет сыныптарының оқушылары. Жылдағы дәстүрі бойынша І.Омаров атындағы қазақ драма театры залында «Тәуелсіз елдің жас сарбаздары» атты кадет балы салтанатпен өтті.
«Осыдан төрт жыл бұрын мектебіміз ашылғанда жас сарбаз сыныптары ашылған болатын. Жыл сайын олардың қатары толығып жатыр. Жасөспірім жастардың бойында патриоттық сезімді арттыру аясында бірқатар ісшара ұйымдастырдық. Бүгінде біздің мектепте екі жүзден астам оқушы кадет сыныбында оқиды. Мақсатымыз – балаларды отан сүйгіштік ке тәрбиелеу. Қостанайдағы 99260 әскери бөліммен келісімшартқа отырып, жоспарға сәйкес бірлесіп жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біздің мектепті бітірген түлектер Астанадағы С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледж де, еліміздің басқа да әскери оқу орындарында білімдерін жалғастыруда», – дейді №28 мектепгимназиясының алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыұйымдастырушы Әлихан Сағитов. Жамбылбек Нұралыұлы – осы мек теп - гимназияның 11- сынып оқушысы. Ол үшін жас сарбаз балы айтулы шара. «Әскери адам болу – бала кезімнен аңсап келе жатқан арманым. Өзімді ылғи әскери адам ретінде көретінмін. Сол арманым мақсатқа айналып, өз ретімен орындалып келеді. Әскери қызметтің бойында міндетті түрде ерлік, патриоттық сезім, яғни өз кіндік қаны тамған жерді қорғау деген сезім болуы керек», – дейді бал қатысушысы. Құрметті қонақтар қатарында әскери-патриоттық жұмыс және қарулы күштер ардагерлері, сондайақ, бірқатар әскери бөлімдерінің командирлері болды. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында мәдениет және спорт, ғылыми жобалар және түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып, шығармашылық табыс тар мен жетістіктерге жеткен жас сарбаздар Құрмет грамоталарымен және «Жас Сарбаз» төсбелгісімен марапатталды. Алғаш болып 99260 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері және мектеп жас сарбаздары ән салып, би билеп, ұлттық аспаптар құлағында ойнап, өз өнерлерін ортаға салды.
Айдана КІНДІКБАЙ, Қостанай қаласы №28 мектепгимназиясының оқушысы

Комментарии