Әндерді әуелеткен
Дата: 28.03.2023 Рубрика: Патриот
0
280
0
Қаламызда екі күн қатарынан облыстық «Алтын микрофон – 2023» ән байқауы өтті. Биыл аталмыш өнер додасының бастау алғанына – 20 жыл. Осынша жыл ішінде байқаудың да деңгейі өсіп, қаншама таланттардың бағы жанып, жұлдызы жарқырады. Бүгінгі өнер кешіне де 7-23 жас аралығындағы 38 үміткер Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық, Тобыл қалаларынан, сондай-ақ Қостанай, Аманкелді, Жанкелдин, Денисов, Б.Майлин, Жітіқара, Қарабалық, Әулиекөл және Науырзым аудандарынан келген. Олар төрт түрлі жас санатында бақ сынады. Қатысушыларды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлбану Абдулина төрағалық еткен қазылар алқасы сынға алып, үздіктерді алда өтетін халықаралық байқауға саралады. Байқаудың мақсаты белгілі, өнер сайысында жастарды шыңдау, жас таланттарға жол ашып, олардың өнер жолында дамуына жағдай жасап, қолдау көрсету. Шараны облыстық к ө р к е м ө н е р п а з д а р д ы ң х а л ы қ шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұйымдастырды. 7-10 жас аралығындағы кіші топта 1 орынды Арқалық қаласынан келген Нұржайна Таубалды иеленсе, орта топта Аманкелді ауданының әншісі Гүлназ Бейсен, жоғарғы топта жітіқаралық Ясмин Аюпова, ал ересектер арасынан Б.Майлина ауданының әншісі Асан Әнуарбеков иеленді. Барша жүлдегерлер ақшалай сыйлық пен сертификатқа ие болып, халықаралық «Алтын микрофон – 2023» әншілер байқауына жолдама алды. Халықаралық байқауға қатысуға ниет білдіріп отырған елдер баршылық екен. Олардың қатарында Украина, Египет, Түркия, Өзбекстан сынды елдер де бар.
Комментарии