«Оң қолды» оқыдың ба?
Дата: 28.03.2023 Рубрика: Патриот
0
283
0
Төлен Әбдік – адам жаның терең, қопарып зерттеп жазатын жазушы. Оның қ а ламынан т уған әңгімелер қазақ прозасына тақырыптық қана емес, философиялық, психологиялық тұрғысынан да көптеген жаңалықтар әкелді. Мәңгі адамзаттық қасиеттерді көтеріп, оларға шешім іздейді. Өзінің ерекшелігімен қазақ әдебиеті ішінде теңдесі жоқ «Оң қол» әңгімесінің негізгі идеясын талқылау мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Оң қол» ұрпаққа аманат әңгімесінде негізгі тақырып дәрігер мен науқас қыз Алманың маңайында өрбейтіні белгілі. Жас қыздың ішіндегі басқа болмыс оның оз жаңына қарсы келіп, шабуылдар жасағаны туралы айтылады. Оң қолының өзінің емес екенің, өз болмысына қастандық жасайтынын айтып отырған. Іс-шараға қатысушылар арасында ауыл фельдшері өзінің кәсіби алаңымен байланыстырып, өз ойын айтса, қазақ тілі және әдебиет мұғалімі бұл оқиғаның философиялық тұрғыдан өз көзқарасын білдірді. Адамның өзіне-өзі жаулығы соншалық сирек оқиға емес? Сот залына барып айыпталған адамдардың қателіктерін тізіп көріңіз, бəріне де өздері кінəлі. Кісі өлтіруден бастап, ұрлық істеу, ақша жеу, арақ ішіп төбелесу, маскүнем болу, , кісі балағаттау. Бұның барлығы оң қолдан айырмашылығы не ? деп ой білдіргендер болды. Қортындылай келе әрбір тұлға ең әуелі өзінің ішкі жан дүниесін таза ұстап, жаңында мейіріммен қарап, қолдайтын жаңды қажет екені тұжырылмдалды. Себебі, «Оң қол» әңгімесінде науқастың жанында ешкім болмағаны, оны түсінетін жанның кеш келгендігі жазылған.
Комментарии