Біздің бірінші оқырман
Дата: 17.01.2023 Рубрика: Патриот
0
214
0
Қ а л а м ы з д а ғ ы о бл ы с т ы қ № 2 ә м б е б а п ғ ы л ы м и к і т а п х а н а с ы н ы ң б а л а л а р әдебиеті бөлімінде «Сен – біздің бірінші оқырмансың!» атты дәстүрлі кітапхананың алғашқы оқырманына арналған іс-шара өткізілді. Дәстүрлі мерекенің мақсаты: оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын артт ы р ы п , ә д е б и т а л ғ а м ы н қалыптастырып, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу, кітапхана жарнамасын дамыту, оқырмандарды кітапханаға тарту. Іс-шараны өткізу барысында «Ертегілер с ыр шерте ді» ат ты к ітап көрмесіне қызықты шолу болып өтті. Оқырмандар балалар әдебиеті бөліміне жаңадан келіп түскен ертегілермен, қазақ балалар жазушыларының шығармаларымен танысты. А лматы қ а ласы «Дәуір» баспасынан шыққан «Әлем халықтарының ертегілері», «Қазақстан халық тарының ертегілері», «Фолиант» баспасынан шыққан «Тарихқа дейінгі адам», «Біздің ғажап әлем» балалар энциклопедияларымен, Кови Шонның «Бақытты балақайдың 7 дағдысы» атты қызықты кітабы, 7 дағдыны үйретуге арналған түрлі-түсті суреттермен әрленген отбасылық тамаша кітаппен танысты. Бұл қызықты оқулық жас оқырмандарды тартымды оқиғалар арқылы бақытты да белсенді өмір сүру өнеріне баулиды. Кітапханаға жаңадан келіп жазылған оқушылармен кітапхана бөлімдеріне экскурссия жасалды. Мерекелік шараға А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысып, өз білімділіктерін көрсете білді. Мерекенің аяқталу кезеңінде 2023 жылдың алғашқы оқырманы болып А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 2 «В» сынып оқушысы Жаңбыр Асылының бірінші оқырман ретіндегі құқығы жарияланып, балалар әдебиеті бөлімінің атынан сыйлығымыз табысталды. Асылы кітапхана қорына келіп түскен ертегілерді, жаңа әдебиеттерді, балаларға арналған «Балдырған», «Алақай, балақай», «Ертегілер елінде» т.б республикалық танымдық журналдарды үзбей оқиды. «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» – деп Абай атамыз айтқандай, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші. Кітап бала кезіңнен бастап, өміріңнің соңына дейін сырлас досың бола алады. Олай болса, «Ізденсем, білсем» дейтін оқырмандарға кітапхана есігі әрқашанда ашық!
Гүлнар КЕНЖЕҒАЗЫҚЫЗЫ, Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы, балалар әдебиеті бөлімі
Гүлнар КЕНЖЕҒАЗЫҚЫЗЫ, Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы, балалар әдебиеті бөлімі
Комментарии