Көркем мінез бен әдеп
Дата: 17.01.2023 Рубрика: Патриот
0
225
0
Қазіргі заман ішкі жан дүние мен мінез байлығын арттырумен өте танымал кезең болып тұрғаны рас. Себебі қай ғасыр адамы болмасын, қандай ауқатты әулеттен шықсаң да, шықпасаң да әрқашан да бастапқы орында тұратын үлкен қазына – көркем мінез бен әдеп. Осыған орай қазіргі кезде өз замандастарымыздың арасында мен сыныптасым Қарақат екеуміз және жетекшіміз Әсемгүл Әбуталіповамен бірге Шәкәрім шығармашылығындағы туындылар негізінде қоғам арасында көркем мінезді қалыптастыру жолын қарастырып, зерттеуде мінездің көркем түрін қалыптастыратын жолдарын зерделеудеміз. Осыған қызықты болатындай, біз арнайы күнделік жасаудамыз. Алғашқы күнделігіміздің бетін(парақшасын) «Ой» туралы бастағымыз келді. Себебі, адам баласының әрбір жасаған ісәрекеттері ойдан туындайды, ойдан қалыптасады. Ой. Ой деген не? Неге адамдар ойлайды? Ойлау қабілеті қандай жағдайларға әкеп соқтырады? Міне, осындай сұрақ тар а дам баласының қай-қайсысының болмасын көкейінде жүрген сұрақтардың бірі деп санаймын. Ал ендеше, осы сұрақтарға ізденіс жасап, жауап алып көрейік. Ой. Ой д е г е н н е? Ой дегеніміз – бұл тек адам баласына тән қасиет немесе құбылыс. Ойлау арқылы біз ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратуда, болашаққа сенімді жоспар құруға, сұрақтарға жауап іздену кезінде жауабымызды одан әрі тереңдете түскен жағдайда туындайтын іс-әрекет шоғыры. Ойдың жарқын, ашық әрі қарқынды болуы бұл адам баласының ішіндегі жан дүниесінің тазалығына, түйсігіне байланысты болады. Неге адамдар ойланады? Жаңа айтып өткенімдей, адам баласы ойлау арқылы өмірдің қарасы мен ағын ажырата білу, дұрыс іс-әрекеттер жасағанын сезінуді, алға мақсат қоюға, ол мақсатқа жету жолындағы әдістер мен талаптарды ескеруге мүмкіндік береді. Бұл қабілетті дұрыс қолдана білмеген адам баласының жасаған әрбір ісі тиянақсыз, ұқыпсыз, ұтымыз келеді. Яғни, ол адамның ойы бірге жиылмаған, шашыраңқы. Мұндай адамдар кейде «өмірге не үшін келгенін де білмейді». Өз-өзіне мүлде қажет емес сұрақтарды қойып басы қатып, мазасызданады. Мұндай адамдардың ойлау қабілеті керісінше кемиді. Бұл ойды қалыптастыруда қателік жіберіп отыру. Қорыта келе, ой–адам баласына жол көрсетуші, бағыт-бағдар беруші негізгі құралдарының бірі. Ойлау арқылы біз өзіміздің ой өрісімізді дамытамыз. Бұл қабілетті дұрыс қолданып, ойланып білмеген адам баласы өмірдің сәтсіз тұстарына ұшырап та жатады.
Айдана БЕРІКБОЛОВА, Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы, Рудный қаласы
Айдана БЕРІКБОЛОВА, Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушысы, Рудный қаласы
Комментарии