Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Поштамен келген сыйлық

Дата: 25.06.2020 Рубрика: Патриот
472
0
Поштамен келген сыйлық
Маған поштадан тамаша сыйлық келді. Біз әкем екеуіміз ерте тұрып орталық поштаға бардық. Осыдан бір жарым ай бұрын мен онлайн форматта балалар арасында ұлттық «Бала дауысы-2020» ән байқауына қатысқан болатынмын. Оған Абай атамыздың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері мен Медет Салықовтың «Аққу-арман» әнін орындап, видеосын ұйымдастырушыларға жолдадым. Мені бұл ән додасына қатысуға өзімнің №24 бастауыш мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі себепші болды. Сабақтан тыс қаладағы музыка мектебінде гобой аспабында оқып жүрмін. Алдағы уақытта әлі талай байқауларға қатысып, бағымды сынайтын боламын. Ұйымдастырушылар маған хат жолдап, мынадай сөмке мен бас киімді сыйға тартыпты. Мен үшін мына тосын сый керемет көңіл-күй сыйлады. Мен сияқты өз елінің патриот балалары осындай сыйлықтарға кенеле берсе екен деймін.

Айзия ХЫДЫРБЕК

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!