Аула клубы
Дата: 25.06.2020 Рубрика: Патриот
0
726
0
Аймағымызда карантин ережелері жеңілдетіліп, біршама мекемелер өз жұмысын қайта бастағанымен, жазғы демалыс лагерлеріне әлі рұқсат жоқ. Десе де қаламызда 5 мыңнан астам баланы қамтитын 21 аула клубы жұмыс істеуде. Онда оқушылар бірнеше тілде жүргізілетін үйірмелер мен әртүрлі спорттық секцияларға қатысады. Қостанайда мұндай аула клубтарының қатары жылма жыл артып отыр. Жазғы лагерьге баруға мүмкіндігі жоқ балақайлар осында әртүрлі үйірмелерге қатысады. Клубтардың саны облыс орталығында 20-ға жуық. Жаз мезгілінде 5 мыңнан астам баланы қабылдайды. Аула клубтары кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істейді. Күні бойы жұмыста болатын ата-аналар бұның ыңғайлы екенін атап өтуде. Балалар да күні бойы қараусыз қалмайды, әрі пайдалы нәрселерді үйренеді. – Мен де жазда тек демалып қана қоймай, аула клубтарына барамын. Спортта да үзбей шынығамын. Достарым да көп, – дейді Арлан Бақытқалеев.
Комментарии