Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Киелі жерлер тарихы

Дата: 08.06.2020 Рубрика: Патриот
1010
0
Киелі жерлер тарихы
Қазақ жері өзінің бай тарихымен ерекшеленеді. Оның ұлттық тарихы аса ерте замандардан бастау алады. Ел мен жерді қорғау ең алдымен сол ел мен сол жердің тарихын білуден басталады. Ел мен жердің тарихын білу тарихта өткен қасиетті ата-бабалар әруағына тағзым етіп, олардың игілікті істерін еске алудан бастау алады. Осыған орай өлкеміздегі тарихи-мәдени ескерткіштері білу-біздің тарих алдындағы міндетіміз. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бағдарламалық мақаласы елімізде ғасырлар бойы жоғалтқан рухани байлығымызды қалпына келтіруімізге, жаңғыру арқылы ұлттық кодымызды сақтап қалуға негізделген. Біздің жүрегімізді серпілткені-қасиетті рухани құндылықтарды көтеру, киелі жерлерді жаңғырту шаралары. Осы жерлерде өскен, ерлікке шыңдалған біртуар рухы биік бабаларымызды бұқара халықтың ұлықтауына жол ашып, көңілімізді қуантты. -Біздің музей Рухани қазына кіші бағдарлама орындауына жауапты. Осы бағдарлама ішіндегі көтеріліп отырған «Туған жер» және «Қасиетті Қазақстан» арнайы жобалары бізге осы істі міндеттеп отырғандай, өйткені музейлер өткізетін іс-шаралар көбінесе жас ұрпақтарды өз елінің, жерінің тарихын, ата-бабаларының салт-дәстүрін біліп, ұлттық құндылықтардан ғибрат алуға шақырады. Осы бағытта көп жылдық жобаларымыз орындалуда. 2018 жылы 18 мамырда музейде «Рухани жаңғыру» ашылды. «Рухани жаңғыру» залында жалпы ұлттық бағдарламаның «100 жаңа есім», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер», «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі», «100 жаңа оқулық», «Заманауи Қазақстан мәдениеті» негізгі жобалық бағыттары көрсетілген. «Қазақстанның киелі жері» немесе «Қазақстанның киелі географиясы» бағдарламасы бойынша Қостанай облысының киелі жерлерінің картасына 10 жалпыұлттық маңыздағы, 19 жергілікті маңызы бар нысандар енген болатын. 2019 жылы жергілікті маңызы бар нысандар тізіміне тағы жаңа 9 нысан енді. Елім деп еңіреп өткен ардақты бабаларымыздың ұрпақтары ретінде, біз ұлтымыздың тарихын, мәдени құндылықтарын кейінгі буынның жадына сіңіре білсек, олар ата-анасын сыйлайтын, әдет-ғұрыптан тағылым алатын, тәрбиелі азамат болып қалыптасатыны сөзсіз. Бір сөзбен айтқанда кейінгі ұрпаққа сыны мен сырын жоғалтпай жеткізу біздің парыз, бүгін жас оқырман, сіздерге осындай киелі жерлер туралы таныстыра кетпекпіз, - дейді облыстық тарих-өлкетану музейі директорының орынбасары Эльмира Алшимова. Құлымбет әулие Тәтібекұлы кесенесі Нысан мерзімі: ХХ ғасырдың басы. Нысанның орналаскан жері: Арқалық қаласы, Қайыңды ауылынан оңтүстікке қарай 7шақырым жерде. Кесене портал-күмбезді, шаршы пішінді құрылыс болып табылады, Орталық Қазақстан сәулетінің дәстүрлі үлгісімен жасалған. Құлымбет Тәтібекұлы (1840-1913) көзі тірісінде әулие атанған, көріпкелдік қасиетімен адамдардың дертіне ем тауып емдеп, сол үшін де ел арасында атақ-абыройға ие болған. Оның атақ-даңқы туған жерінен тыс жерлерге де таралды. Қазіргі күнге дейін, осы қасиетті адамның жерленген орнына көптеген науқастар

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!