Жастарға тың жоба
Дата: 08.06.2020 Рубрика: Патриот
0
520
0
Алғаш рет Қостанай облысында «Соғыс жаңғырығы» жобасы жүзеге асып жатыр. Оның аясында жас қостанайлықтар іздеу бригадаларын құрды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жастар саясаты бойынша мәселелер басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев айтып берді. Пандемия жобаның жоспарын кейінге қалдырғанымен, оның қатысушылары 24 маусымда Волгоградта Жеңіс шеруіне қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, соғыс орындарында іздеу жұмыстарын өткізеді. Бұл біздің жастарымыз үшін тамаша экспедиция болғалы тұр.
Комментарии