Тарихтан тағылым
Дата: 08.06.2020 Рубрика: Патриот
1
710
0
31 мамыр - саяси құғынсүргін құрбандарын еске алу күніне арналған қаламыздағы №10 мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Жаппай саяси қуғынс үргін құрбандарын ақтау, заңсыз қудаланған азаматтардың құқығын қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басталды. Яғни, 1993 жылы 14 сәуірінде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 1997 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 31 ма - мыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Сынып сағаттары барысында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушыларымыз, Алаш қайраткерлерінің басынан өткізген қайғы-қасіреттерін еске алып, ерліктерін үлгі-өнеге ету арқылы оқушылардың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезім, ерлік, батылдық, турашылдық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту міндеттері қойылды.
Комментарии