Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Дәуір талабы

Дата: 01.06.2020 Рубрика: Патриот
547
0
Дәуір талабы
Үштілділік – заман талабының жаһандық дағдарыстың жалғасуы. Үштілділіктің негізгі мақсаты – біздің еліміз үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары дәрежелі, дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуі болып табылады. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қарым – қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассаблеясының ХІІ құрылтайында жария етті. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Бұл бағдарлама негізі оқушыларға ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруге, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлы: «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек – көзің ашылады», – деген еді. Ағылшын тілі – әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ол – жаһанданудың кепілі. Ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Дамыған 30 елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан – жақты дамыған маман дайындауға көп мән берілуде. «Үштұғырлы тіл» идеясы – жарқын болашаққа жол ашады. Тілдердің үштұғырлылығы – уақыт талабы. Үш тілді білу жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына мүмкіндік береді. Үштілділік – болашағымыздың кепілі. Үштілділік – нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым –қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма – кезек қолдану құбылысы.

Дилназ ИЗТІЛЕУОВА, Москалев орта мектебінің 11 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!