Ризашылық мерекесі
Дата: 08.03.2022 Рубрика: Патриот
0
262
0
Шолақсай ауылдық кітапханасында «Жаныңыздың бір бөлігін бөлісіңіз» атты алғыс айту сабағы өтті. Оған 1-сынып оқушылары шақырылды. Балалар алғыс айту мерекенің тарихын тыңдады, «Рахмет» сөзінің шығу тегі туралы, оның әртүрлі тілдерде қалай аталатын, бұл сөздің және басқа да сыпайы сөздердің маңыздылығы, оларды жиі қолдану қажеттілігі туралы. Шара барысында балалар «Шын жүректен рахмет айту» ойынына қатысып, ризашылықтарын білдіретін жандарға алғыс сөздер жазды, сыпайы сөздерге қатысты жұмбақтарды шешті, тақпақтар оқыды. Іс-шараның мақсаты балаларды ұқыптылыққа, ризашылыққа, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеу, жылы лебізді білдіру.
Комментарии