Білім еліне саяхат
Дата: 08.03.2022 Рубрика: Патриот
0
326
0
Қостанай ауданы, Айсары жалпы білім беретін мектебінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, сабақта алған білімдерін да мыту мақсатында «Білім еліне сая - - хат» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігі апталығы болып өтті. Апталықтың алғашқы күнінде сап түзеуден басталып, бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Анар Шалдыбаева бағдарлама барысымен таныстырып, «Математика еліне саяхат» аялдамасымен жүріп өтіп 2 сыныпқа математика пәнінен «2-5 сандарына көбейту және бөлу кестесін бекіту» сабағында қызықты әдіс-тәсілдерді тиімді пайда ланып, сабағы қызықты өтті. 4 сынып - жетекшісі Ақбілек Мұханбетжанова «Қазақ тілі еліне саяхат» аялдамасымен 4 сыныпқа қазақ тілі пәнінен «Тәуелдеулі зат есімдердің септелуі» ашық сабағында «Бинго», «Тіркесін тап?», «Сөйлем құра» әдістерін тиімді қолданды. Өзім жетекшілік ететін 3 сыныбына «Әдебиеттік оқу пәні еліне саяхат» аялдамасымен әдебиеттік оқу пәнінен «Алғашқы ұстаз» тақырыбында ашық сабағым жоғары бағаланды. Сабағымда «Қолшатыр», «Пликерс», «Пазл» әдістері өте тиімді, оқушыларға қызықты болды. «Қош сарай» көрмесі мен макет байқауын өткіздік. Байқауға оқушылардың бәрі қызығушылық та нытты. - Аптаның ортасында «Толағай» отбасылық спортты қойын ұйымдастырылды. Онда әр сыныптан 1 отбасы қатысып, жарыс өте керемет өтті. Апта бойы «Ең үздік дәптер», «Ең таза жазу» байқауларын өткіздік. Апталықтың соңғы күнінде бастауыш сы нып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен - «Ғажайып әлем» мерекелік концерті өте керемет өтті. Апталықта өздерінің белсенділіктерін танытып, жақсы атсалысқан оқушыларға мақтау қағазы мен сыйлықтар табыс етілді. Оқушылыр мен мұғалімдерге әкімшілік атынан алғыс білдірілді.
Тазагүл АРЫСТАНБЕК, бастауыш сынып мұғалімі. Қостанай ауданы
Тазагүл АРЫСТАНБЕК, бастауыш сынып мұғалімі. Қостанай ауданы
Комментарии