Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сиқырлы әуен

Дата: 08.03.2022 Рубрика: Патриот
214
0
Сиқырлы әуен
Қостанай облысының білім беру ұйымдарында педагогтер мен атааналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған «Үндестік» облыстық жоба аясында, ата-аналар мен оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын ояту мақсатында «Сиқырлы әуен» атты байқау ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Байқауға вокал үйірмесінің оқушылары ата-аналарымен қатысты. Сайыс 3 кезеңнен құралған. Бірінші кезең аналарға арналған. Бұл кезеңде халық әндері, Шәмші Қалдаяқовың әндері және Қайрат Нұртас орындаған әндер орындалады. 2 – кезең мультфильм, қазақ киноларынан саундтрек, заманауи әндер және ұстаздарға арналған әндерден тұрса, 3-кезең финал. Сайысымыздың жеңімпазы Искакова Фарида апай мен жиені Алина Томирис болса, екінші орынға Қосмағамбетова Әйгерім мен оның қызы Сәрсенбай Фариза иеленді. Үшінші орынды Абенова Алтынай мен оның кішкентай кызы Әлтай Аруза қанағат тұтты. Сайыс өте жақсы деңгейде өтті. Сайысымыздың соңында әділ қазылар алқасы сайыскерлерімізді мадақтама грамоталарымен және ескерткіш сыйлықтармен марапаттады.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!