Шынайы сезім
Дата: 08.03.2022 Рубрика: Патриот
0
370
0
8 Наурыз мерекесі қарсаңында Константинов негізгі орта мектебінде «Анаға хат» байқауы ұйымдастырылды. Кез келген жан анасына деген алғысын, сезімін жеткізе алады. Осы байқау арқылы анаға деген махаббатты жеткізуге мүмкіндік туды. Жазылған хаттың барлығы да ерекше. Себебі онда барлығы да шынайы сезімдерін жеткізе білген. Бірақ байқаудың аты байқау. Жеңімпазды анықтау шарт. «Проза» номинациясында 4 сынып оқушысы Әлқуат Әмина жеңімпаз атанды. Әминаның хатын сіздерге де ұсынғымыз келеді.
Анама хат
Әр адамның өмірінде жанына жақын, қасиетті адам болады. Ол ешқашан сатқындық жасамайды. Қиындықта да, қуанышта да әрқашанда сенің жаныңда. Ол сенің анаң. Менің өмірімде ең қымбатты адам, менің анам. Менің анамның аты – Гүлжайна. Анашым, мен Сізді өте жақсы көремін! Анашым, Сіздің маған берген тәрбиеңіз бен үлгі өнеріңіздің арқасында мен әдемі, бақытты қыз болып өстім. Мен тамшы болсам, ол – теңіз, мен құрақ болсам, ол – мөлдір бұлақ. Және мен анамнан өнеге аламын. Ол менің адам болғанымды тілейді. Әлемдегі ең асыл жан менің анам! Сізбен өткізген әрбір минут, әрбір секунд мен үшін қымбат. Сіздің үмітіңізді ақтап, өзімнің таңдаған мамандығым бойынша көп жетістіктерге жетемін деп өз-өзіме серт етемін. Сіз маған әрдайым тіреу болдыңыз. Қиындықтарға төтеп беруге жақсылыққа ұмтылуға, жамандықтан аулақ болуды үйреттіңіз. Жеңіске жетсем, сол жеңіске қандай қиындықпен жеткенімді еске сала отырдыңыз. Ардақты Анам, Сіз маған өмірде бәріне қанағат етуді үйретіңіз. Менің анам мен үшін бағасыз сыйлық. Рахмет Сізге, анашым! Балалар, өз аналарыңды сыйлаңдар, құрметтеңдер! Анаң бақытты болсын десең, тек қана жақсылық жаса!
Клавдия БЕКМАГАМБЕТОВА

Комментарии