Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Абай ойнаған тоғызқұмалақ

Дата: 26.05.2020 Рубрика: Патриот
1658
0
Абай ойнаған тоғызқұмалақ
Абай тоғызқұмалақ ойынын жақсы көрген және шебер ойыншылардың бірі болған. Ел ішіндегі тоғызқұмалақшылардың бас қосып, сайысқа түсетін жері де Абай ауылы болған екен. Жаз – жайлауда, қыс – қыстауда тоғызқұмалақшылар Абай ауылына жиналып, өзара жарысқа түскен. Жарысты ұйымдастырушы Абайдың өзі болған. Абайдың тоғызқұмалақ, дойбы ойындары мектебінен шыққан Әрхам Ысқақов, Жақсылық деген кісілер бертінгі заманғы 50-60 жылдары Орталық Азия және Қазақстан бойынша тоғызқұмалақтан бірнеше дүркін чемпион болған. Тіпті, осы кезде де Абай ауданының жастары республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп келеді. Осының  бәрі Абайдың қазақтың рухани өнерінің дамуына, жетілуіне қамқоршы болғанын танытады. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың тоғызқұмалақ ойнауын зерттеу – салиқалы зерттеудіқа жетсінеді. Өйткені Абай тек ұлттық ойынды ойнап қана қойған жоқ, оны жүйелі насихаттап, жарыстар өткізген, демеушілік жасаған, өзіндік мектеп қалыптастырған, ұрпақтарүндестігін жалғастырған ойшыл тұлға. Абайдың тоғызқұмалақ ойнауы ХІХ ғасырдың соңына сәйкес келеді. Ақынның ұлттық ойынға құштарлығы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында жақсы ашып көрсетілген. Тоғызқұмалақтың Семей өңірінде кеңінен таралып, сақталып қалуы, ел өңірлеріне жалпыласуы, ізбасар шәкірттердің саны көбеюнің басында қазақтың дана тұлғасының есімі тұр. «Деректерге қарағанда, ел ішінде Құду деген өте білгір тоғызқұмалақшы болған екен. Сол Құду мен Абай бір ойында екі күн, екі түн тапжылмай ойнаған екен. Бұл деген үлкен тәжірбиені қажет етеді ғой», – деді этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатұлы.

Р. КУТУМБЕКОВА, Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру мұғалімі Қостанай ауданы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!