Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тұтастықтың кілті – бірлікте

Дата: 26.05.2020 Рубрика: Патриот
614
0
Тұтастықтың кілті – бірлікте
Әлемде болып жатқан өзгерістер кітапхана жүйесін қайта құруға себепші болуда. Бүгінгі таңда «Строительный» кітапхана-филиалы кітапханашылары да осы жаңа талаптарға сай жұмыс істеуде. Заман талабына сай біз де «Қайырымдылық керуені» атты вертуалдық көрме ұйымдастырдық. Бұл көрме Қазақстан Ассамблеясының 25 жылдығына арналады. Бейбітшілік пен бірліктің маңызын ұғынған Елбасшысы Нұрсұлтан Назар баев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын - құру туралы идеясын жарияласа, құтты мекенге тұрақшылықтың тамырын жайғызатын, бірлікке сызат түсірмеуді көздейтін Қазақстан халқы Ас самблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды. Ассамблеяның басты ұраны – Ел бірлігі! Ал бірлік болмайтын жерде береке де, тірлік те болмайтыны бесенеден белгілі, бұл жайында бабалардан қалған даналық ой, асыл сөздер де жеткілікті. «Бақ қайда барасың! Бірлігі жарасқан елге барамын!» демеп пе еді сондай даналықтың бірі. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Міне, осы вертуалдық көрме арқылы тыныштықтың, табыстың, тұтастықтың кілті – бірлікте екенін көрсете білдік деп ойлаймыз. Эльмира МИРЗАЛИЕВА, «Строительный» кітапхана-филиалының кітапханашысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!