Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қош келдің, алғашқы оқырман

Дата: 25.01.2022 Рубрика: Патриот
451
0
Қош келдің, алғашқы оқырман
Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған басты мақсат – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық – деп, қаңтардың алғашқы күндерінде Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі алғашқы оқырманын қабылдады. Өткізілетін дәстүрлі мерекенің басты мақсаты, жас оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапқа деген құрмет, кітап тек қана білім көзі емес, ол адамның мінезінің қалыптасуына өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Іс-шараны өткізу барысында «Ертегілер еліне саяхат» – атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жаңадан келіп түскен әдеби шығармаларға қызықты шолу болып өтті. 2022 жылдың «Қош келдің, алғашқы оқырман!» деген атаққа Кейкі батыр атындағы № 4 орта мектебінің 3 «Г» сынып оқушысы Бейбіт Нұрәлі Қуанышұлы ие болды. Балалар әдебиеті бөлімінде алғашқы оқырманды Аяз ата, Қызыл телпек және Мыстан кемпір қарсы алды. Нұрәлінің достары кітапханамыздың тұрақты оқырмандары. Қойшыбаев Ерқанат атты досы мерекелік іс-шарамызға қатысып, білімділіктері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Өнерлі де білімді оқырмандарымызғы алғысымызды айтамыз! Еліміздің ертеңі боларлық жас ұрпақтың білімін кеңейтіп, біліктілігін арттыруда балалар кітапханасы да рухани қазына екені рас. Мынау келген жаңа заман – компьютер заманы болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әр баланың қасиетті қара шаңырағы – кітапхана. Олай болса, балалар бөлімінің есігі сіздер үшін әрдайым ашық, қызыққа толы кітап әлеміне асығыңыздар!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!