«Мейірімді іске – мейірімді сөз»
Дата: 25.01.2022 Рубрика: Патриот
0
298
0
Осындай тақырыпта Ы.Алтынсарин шығармалары бойынша №17 орта мектебінің 3 сынып оқушыларымен бірге қолөнер дәрісі өтті. Іс-шараның басында ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі жайында мағлұмат берілді. Әдебиеттік оқу мен еңбекке баулу пәндерін сабақтастыра отырып, оқушылар Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ Хрестоматия» кітабындағы әңгімелерімен танысты. Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топқа «Қазақ Хрестоматиясындағы» бір әңгіме берілген болатын. Сол әңгімеге сай әр топ өз қалаулары бойынша қолөнер туындысын жасап, өзге топтағы достарына жасырды. Осылайша, оқушылар әңгімені өз қиялында қалай көріп, әңгіменің мән – мағынасын қалай түсінгенін көрсетті. Ойын, жарыс түріндегі дәрісіміз Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған, тәлім – тәрбиеге толы әңгімелерін еске түсіріп, толығымен түсінуге септігін тигізді.
Комментарии