Шешендік өнерді дамытып
Дата: 18.01.2022 Рубрика: Патриот
0
292
0
Қостанай облысында «Мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» «Ұшқыр ой алаңы» атты жалпыұлттық жоба іске асырылуда. Пікірсайыс қозғалысының мақсаты - шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру және білім алушылардың сендіру әдісі, позитивті, сыни тұрғыдан ойлау, өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мәдениетін, сындарлы диалог пен дәлел мәдениетін дамыту. Осы орайда, қазіргі уақытта, Қостанай ауданының жалпы және қосымша білім беру ұйымдарында пікірсайыс клубтары мен үйірмелері жұмыс жасайды. Қостаанй ауданының Мичурин жалпы білім беретін мектебінде қазақ және орыс тілінде екі пікірсайыс үйірмесі ашылды. «Намыс» пікірсайыс үйірмесінің жетекшісі орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі - Дана Нұртазина. «Жаңа ғасыр» пікірсайыс ү й і р м е с і н і ң ж е т е к ш і с і , қазақ тілі және әдебиет пәні мұға лімі Гүлмиран Баймұханова. Тобыл қаласы Қостанай ауылшаруашылық колледжінде құқықтық сауаттылықты арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоба тақырыптары бойынша «Полилог» пікірсайысы өтті. «Намыс» командасы атынан сайысқа, Мичурин жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Ахметова Әсия қатысып, 1-орынға ие болды.
Комментарии