Батыр бабамызға арнап
Дата: 18.01.2022 Рубрика: Патриот
0
339
0
Жақында халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 111 жыл толуына орай батыр атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Бауыржан оқулары» байқауы өтті. Мен бұл сайысқа былтыр да қатысып, жүлделі екінші орынға ие болған болатынмын. Мені сынып жетекшім Назгүл Мұратбекқызы дайындап апарды. Өнер бәйгесін өткізудегі басты мақсат – қазақтың көрнекті жазушысы, даңқты қолбасшы Бауыржан атамыздың мұраларын кеңінен насихаттау, оқушылар арасынан сөз шеберлерін анықтап, оларға қолдау көрсету болды. Мені осындай шараларға Назгүл апай үнемі қатыстырып отырады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей менің қабілетімді ашып, поэзияға тартып жүрген Назгүл апайыма алғысым шексіз. «Болмасаң да ұқсап бақ» демей ме атам қазақ. Даңқты қолбасшы Бауыржан бабамыздың ерлігі, өнегелі өмірі мен шешендік өнері біз секілді жас буынға үлкен ғибрат. Бұл жолы мен өз жанымнан шығарған «Даланың генералы» атты арнауымды оқып бердім. Батыр бабамызға арнап жазған бірнеше туындым бар. Оны шағын жинақ етіп шығардық. Аталмыш байқау мен үшін айрықша табысты болды. Бұл жолы «Жас қаламгер» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болдым. Біз тек бір-бірімізбен сайысып қана қоймай, жаңа достар таптық, Бауыржан Момышұлының мемориалды кабинетмұражайына саяхат жасадық, атамыз жайлы көптеген деректермен таныстық, ұмытылмас әсер алдық. Мені қолдаған, демеу болған Сырбай Мәуленов атындағы гимназия ұжымына, жанашырларыма, ұстаздарымның барлығына жүрекжарды алғысымды білдіремін.
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ С.Мәуленов атындағы гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушысы
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ С.Мәуленов атындағы гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушысы
Комментарии